Қазақстандық жеңіл атлет Мария Овчинникова Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды федерация.
Спортшы Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында үштік секіруден норматив орындады.
Овчинникованың ең жақсы көрсеткіші 14.34 метр болды.
Осымен Қазақстан қоржынында жалпы 63 лицензия бар. Еске салайық, Токио Ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді.