auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан Токио Олимпиадасында 2 алтын алады – Gracenote

2020 жылы Жапонияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына болжам жасалды.

Қазақстан Токио Олимпиадасында 2 алтын алады – Gracenote
SlashGear
Танымал Gracenote статистикалық агентігі 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына болжам жасады. Олардың сараптауы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын алады.

Статистикалық агенттіктің сараптауы бойынша жапон жерінде АҚШ спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады. Олар 51 алтын, 34 күміс, 41 қола медаль еншілейді деп болжанған. Сондай-ақ алғашқы үштікке Қытай (38 алтын 24 күміс 19 қола) мен Жапония (29 алтын 26 күміс 12 қола) құрамалары енеді деп топшылауда.



Қазақстан құрамасы Токиода 2 алтынмен қатар, 4 күміс, 5 қола алады деп жазылған. Жалпыкомандалық есепте 11 медальмен 27-орыннан көрінуі мүмкін.





Айта кетейік, Рио Олимпиадасы алдында "Gracenote" қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар