Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасына спорттың 9 түрінен қатысады
Қазақстан Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен қатысатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
"2018 жылғы 9 ақпанда Корея Республикасының Пхенчхан қаласында басталатын 23-ші қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 86 күн қалды. Өздеріңізге белгілі, 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы. 2017 жылғы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуден және онда сапалы өнер көрсетуден кейінгі министрліктің маңызды мәселесі Пхенчхан қаласында 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың лицензиялық жарыстарда сапалы өнер көрсетуін және жақсы функционалдық жай-күйінің болуын қамтамасыз ету болып табылады», - деді министр.
Оның дерегінше, Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшының және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Олимпиадада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары.
"Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына жеке команда ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткені баршамызға мәлім. Тәуелсіздік жылдарында ұлттық құрама команда 7 Олимпиада медалін жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жарнама