Олимпиада-2020
18 сәуір 2024 09:08

Қазақстан Париж Олимпиадасына қанша жолдама иеленіп отыр?

©

2024 жылғы Париж Олимпиадасының басталуына 100 күн қалды. Бүгінге дейін қазақстандық спортшылар 12 спорт түрінен 32 жолдама жеңіп алды. Алдағы уақытта әлі де Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын жарыстар өтеді. 

Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған болжамында Қазақстан құрамасы жалпы саны 10 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 26-орын алады деп болжаған.

Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль еншілейді деп көрсеткен. Сонымен қазір Олимпиада ойындарын жолдама алып үлгерген спорт түрлері мен спортшыларды таныстыра кетейік.

Бокс (7 жолдама)
Карина Ибрагимова - 57 кг, әйелдер
Сәкен Бибосынов - 51 кг
Сабырхан Махмұд - 57 кг
Асланбек Шымбергенов - 71 кг
Нұрбек Оралбай - 80 кг
Айбек Оралбай - 92 кг
Қамшыбек Қоңқабаев - +92 кг

Нысана көздеу (5 жолдама)
Ислам Сатпаев - пневматикалық мылтық (10 м)
Арина Алтухова - пневматикалық мылтық(50 метрден, үш позиция) 
Никита Чирюкин - жылдам атылатын тапанша (25 м)
Александра Ле - невматикалық мылтық (10 м)
Константин Малиновский - үш позициядан пневматикалық мылтық (50 м)

Садақ ату (4 жолдама)
Жекелей, ерлер
Жекелей, ерлер
Жекелей, ерлер
Командалық, ерлер

Семсерлесу (4 жолдама)
Командалық, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага
Жекелей, ерлер - шпага

Велоспорт (3 жолдама)
Тас жолдағы жарыс, ерлер
Тас жолдағы жарыс, ерлер
Уақытқа жекелей жарыс, ерлер

Заманауи бессайыс (2 жолдама)
Елена Потапенко, әйелдер
Георгий Борода-Дудочкин, ерлер

Таеквондо (2 жолдама)
Самирхон Абабакиров - 58 кг
Батырхан Толеугали - 80 кг

Еркін күрес (1 жолдама)
Азамат Даулетбеков - 86 кг

Грек-рим күресі (1 жолдама)
Нұрсұлтан Тұрсынов - 87 кг

Спорттық гимнастика (1 жолдама)
Милад Карими - көпсайыс

Батут (1 жолдама)
Данил Мұсабаев - батутта секіру

Жеңіл атлетика (1 жолдама)
Жанна Мамажанова - марафон.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport