Олимпиада-2020
16 тамыз 2021 14:25

Карате болмайтынына наразы. Олимпиада чемпионы титулын Парижде қорғағысы келетінін мәлімдеді

Сурет: Olympic.kz

Франциялық каратеші Стивен да Коста осы спорт түрін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы бағдарламасынан алып тасталғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімнен бейсбол мен софтбол да алынды. Олардың орынан брейк-данс, жартқасқа өрмелеу спорты, скейтбординг пен серфинг қосылды.

"Мен сонша уақыт жаттықтым. Францияға алытн алып келдім. Туды биік ұстадым. Төбем көкке жеткендей еді. Ал енді аяну қиын екен. Сіздердің қолдауларыңызбен 2024 жылы Парижде титулымды қорғағым келеді", - деп жазыпты ол "Твиттерде". 

Еске салайық, Токиода Стивен да Коста 67 келідегі жартылай финалда Дархан Асадәловті жеңіп, қазақстандық каратеші қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport