Олимпиада
26 мамыр 2021 17:41

Жапониялық баспасөз Олимпиаданы өткізбеуге шақырды

Сурет: unian.net

Токио Олимпиадасының ресми серіктесі жапониялық Asahi Shimbun газеті ойындарды өткізбеуге шақырды, деп хабарлайды "Чемпионат". 

"Біз Жапония премьер-министрі Есихидэ Сугадан жағдайды обьективті бағалап, Ойындарды өткізбеу туралы шешім қабылдауын сұраймыз. Әркім өзін қауіпсіз сезіне алатын жағдайда емеспіз. Өкінішке қарай солай болып тұр", - делінген материалда

Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 маусым аралығы өту керек болған. Алайда коронавирус пандемиясына қатысты жарыс шегеріліп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығы өтеді деп белгіленген.