Олимпиада
28 сәуір 2020 15:55

Жапония Олимпиаданы 2021 жылы да өткізбеуі мүкін

Тоико Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Есиро Мори коронавирус пандемиясы ауыздықталмаса ойындардың 2021 жылы да өтпеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Nikkan Sports.

"Бұрын Олимпиада соғыс салдарынан өтпейтін, бірақ, қазір көзге көрінбейтін жаумен алпарысудамыз", - дейді Мори. Оның ойынша, Олимпиада пандемияны жеңгенімізді білдіру керек, сонда ғана оның құны болады. 

24 наурызда 2020 жылғы Олимпиада келесі жылға шегерілген еді. Мұнан келетін шығын 2,7 миллиард доллар екені айтылды.

Ал тарихта соғысқа байланысты 1916 жылғы Берлиндегі Олимпиада, 1940 жылы Токиода және 1944 жылы Лондондағы ойындар өтпей қалған.