Ирен Вюст Олимпиаданың алты дүркін чемпионы атанды

©Getty Images

Ирен Вюст конькимен жүгіруден Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының алтынын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Голландиялық спортшы 1500 метр дистанцияда қарсыластарын маңына жуытпады. Ол бір жарым шақырымдық дистанцияны 1:53:23 уақытымен келіп, Олимпиада рекордын жаңартты. Осылайша, Вюст Олимпиада ойындарының алты дүркін чемпионы атанып отыр. 1:53:72 нәтижесін тіркеген жапон қызы Михо Такаги күміс және 1:54:82 минутта 1500 метрді бағындырған тағы бір Нидерланды елінің өкілі Антойнетте де Йонг қола медальға қол созды. 

Еске салайық, 35 жастағы спортшы осыған дейін 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдары ұйымдастырылған ақ ойындардың алтын медалін иеленген. Жалпы алғанда Ирен Вюст Олимпиадада барлық медальдарды қосқанда 12 рет жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні