Олимпиада-2020
19 қазан 2021 17:54

Грекияда Қысқы Олимпиаданың алауы тұтанды. Бұл Ойындарды Алматы қабылдауы мүмкін еді

©reuters

Грекия астанасы Афиныда 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының алауы ұйымдастырушыларға тапсырылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Спорттық іс-шарада Грекия президенті Катерина Сакелларопулу, Грекия Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Спирос Капралос, Бейжің-2022 ұйымдастыру комитетінің орынбасары Юй Цзайцин және басқа да ресми өкілдер болды.

Грекия тарапы ресми түрде Олимпиада алауын аспан асты елінің өкілдеріне тапсырды. Қытайдағы Ақ Ойындар келесі жылы ақпан айының 4 мен 20 аралығы өтеді.

Жоспар бойынша, Бейжіңдегі Олимпиадаға әлемнің 95 елінен 4000-нан аса спортшы қатысады. Көрші елде өтетін төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы да сынға түспек.

Есе салайық, 2015 жылы Малайзияда өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің сессиясында финалға шыққан Алматы мен Бейжің қалаларының арасында дауыс беру жүргізілді. Нәтижесінде бірінші айналымның қорытындысы бойынша Бейжің 44, Алматы 40 дауыс жинады. Осылайша 2011 жылы Қысқы Азияданы және 2017 жылы студенттер арасында қысқы Универсиаданың қабылдаған Алматы қаласы екінші орын алған еді. 

Аталған екі қаладан бөлек, Ақ Ойындарды Краков (Польша), Львов (Украина), Осло (Норвегия) және Стокгольм (Швеция) қалалары қабылдауға ниет білдірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport