Олимпиада-2020
30 маусым 2021 13:00

Грек рим күресінен Олимпиадаға баратын спортшылар анықталды

Сурет olympic.kz сайтынан алынды

Грек рим күресінен Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасынан үш балуан қатысады. 

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов

77 келі: Демеу Жадыраев

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

Айта кетерлігі, грек рим күресінен жолдама спортшыға емес, командаға беріледі. Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері лицензиялық жарыстардан үш салмақ бойынша жолдама жеңіп алған болатын. 

Токио Олимпиадасына ұлттық құраманы грек-рим күресінен бас бапкер Бақтияр Байсейітов бастап барады.