auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түріне кірді

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түріне кірді
Сурет: Overtime.life

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түрі атанды, енді 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғашқы медальдар сарапқа салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап.

Көше жарысының Олимпиада бағдарламасына енгізілуі жас аудиторияны қызықтырады деген болжам айтылды.

Брейк-дансты жарыс түрі ретінде Париж ұйымдастырушылары екі жыл бұрын ұсынған болатын. 2018 жылы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алғаш рет брейк-данстан жарыс өткен. 

2019 жылы жарыстың бұл түрі Халықаралық олимпиада комитеті кеңесінің толық мүшелікке қабылдау туралы жеке шешімдері негізінде бірнеше бекіту кезеңінен өтті.

"Бұл брейкинг үшін жақсы жаңалық, өйткені бұл спорт түрі ретінде танылады. Бұл Олимпиадаға дәстүрлі спорт түрлерімен айналыспайтын жастарды тартады", - деді ұлыбританиялық брейк-дансер Карам Сингх.

Брейк-данспен қатар, Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына скейтбординг, спорттық альпинизм және серфингті енгізді.

Бұл үш спорт түрі бойынша жарыстар коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасында алғаш рет өтеді. Еске салайық, Токиодағы ойындар келесі жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама