auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айбек Оралбай жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанды

Айбек Оралбай жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанды
ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аргентина елінің астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды.

91 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз финалда алжирлік Мұхаммед Әмин Хасидті жеңді. Барлық төрешілер 30:27 есебімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткенін хабарлады. Нәтижесінде бокстан ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының финалына үш қазақстандық боксшы шыққан болатын. Өкінішке қарай, 91 кг-нан жоғары салмақта Дамир Тойбай финалда Алексей Дроновқа жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Төрешілер 4:1 (29:28, 30:27, 30:27, 28:29, 30:27) есебімен ресейлік боксшы жеңіске жеткені туралы шешім шығарды.



Екі боксшы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалында кездескен. Алексей Дамирді екі рет нокдаунға түсіріп, жеңімпаз атанып кеткен еді. Қазақстандық боксшы бұл жолы есесін қайтара алмады.



Қыздар арасында Надежда Рябец (69-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол алжирлік Ичрак Чаибті жеңді.

Олимпиада алтынына таласатын тағы бір боксшымыз бар. 64 кг-ға дейінгі салмақта Талғат Шайкен бүгін түнде өтетін финалда ресейлік Илья Поповпен қолғап түйістіреді.

Жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындары ертең аяқталады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын 2 күміс 2 қола медаль бар. Осыған дейінгі жарыстармен салыстырғанда, бұл - рекордтық көрсеткіш.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама