Бокстан Қазақстан құрамасы қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Olympic.kz сайтына Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қазіргі таңда "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындары болып жатыр. Бәрі ойдағыдай, жақсы. Олимпиада ойындарында құраманың бабы мен бағы қатар шауып, жақсы нәтиже көрсетуге бар күш-жігерімізді саламыз.
Менің салмақ дәрежем бойынша Токиода 15 спортшы бар. Оның әрқайсы өзінше қауіпті. Боксы дамыған мемлекет спортшылары үнемі басты қарсылас болып саналады", - дейді бокстан Қазақстан құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев.
Айта кетерлігі, Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады.
Ол Токио Олимпиадасында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.