Америкалық трансгендерге Олимпиадалық іріктеуге қатысуға рұқсат берілмеді

сурет: usa.one

Америкалық жеңіл атлетші, трансгендер Сиси Телфер Токио Олимпиадасына жолдама берілетін 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысына қатыстырылмады. Бұл жайында AP басылымы хабарлайды.

Төрт жылда бір келетін Жазғы ойындардың іріктеу жарысына қатысу үшін Телфердың тестостеронында бір жыл бойы 1 литрге шаққанда 5 наномольден төмен көрсеткіш тіркелуі тиіс болған. Дегенмен спортшы соңғы 12 ай бойы гармоналды преппараттарды қолданғанына қарамастан, аталмыш көрсеткіш жоғары болып шыққан. Жеңіл атлетшінің менеджері Дэвид Макфарланд Сисидің бұл жағдайға түсіністікпен қарағанын айтады.

"Сиси болашаққа үлкен үмітпен қарап, жаттығуларын жалғастырады. Алдағы уақытта ол ел ішілік және халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді" - дейді менеджері. 

Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні