Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

Бұйырғаны бір қола болды...

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары аяқталды
pyeongchang2018.com
16 күнге созылған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары да аяқталды. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен додада Қазақстан құрамасы бір қола жүлдемен жалпы есепте жүлде иеленген елдер қатарында 28-орыннан көрінді.

Ақ Олимпиаданың жабылу салтанатына Қазақстан құрамасы да қатысты. Сондай-ақ шаңғы спортынан ерлер мен әйелдер арасында марафон жарысының жүлдегерлері медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Олимпиаданың ресми түрде жабылғаны жайлы ХОК басшысы Томас Бах хабарлады. Келесі төртжылдықтың басты додасы 2022 жылы Бейжіңде (Қытай) өтеді.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 92 елден 2922 спортшы қатысты. 15 спорттық сайыс түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Жалпыкомандалық есепте 14 алтын 14 күміс 11 қола медаль еншілеген Норвегия құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Германия құрамасы (14 алтын 10 күміс 7 қола) ие болса, үздік үштікті Канада құрамасы (11 алтын 8 күміс 10 қола) түйіндеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости