23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

©oir.mobi

Бүгін,  23 маусым - Халықаралық Олимпиада күні. 1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде, деп жазады Olympic.kz сайты. Олимпиада күнінде халықаралық, республикалық, тіпті аймақтық дәрежеде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, Олимпиадалық құндылықтар насихатталады. 

"Бұл мереке олимпиадалық қозғалыстың өзі сияқты, шекараға қарамастан, барлығын біріктіреді. Олимпиадалық қозғалыстың ең жоғары құндылығы – адам. Негізгі ұстанымдары – достық, өзара түсіністік, ынтымақтастық. Бұл күн Олимпиадалық қозғалыстың қазір біз білетіндей қайта дүниеге келгенін еске салады.

Бүгінде әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, тіпті қатысушысы болуды армандайды. Олимпиада чемпиондары – кез келген елдің спорттық жетістігі. Бейбітшілікті одан әрі насихаттау үшін спорт арқылы жастарды өзара түсіністік рухында тәрбиелеу Олимпиадалық қозғалыстың мақсаты болып табылады.

Бүгін олимпиадалық қозғалыстың достықты, өзара түсіністікті, адалдықты бағалау, үздіктермен тең болу сынды қағидаттарын басшылыққа ала отырып, біз барлығын бір мүдде аясында бірігуге шақырамыз", - делінген ұйым хабарламасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні