Олимпиада
22 шілде 2021 14:08
 
Ярослава Шведова Олимпиада ойындарында жұптық сында бақ сынамайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Ярослава Шведова Олимпиада ойындарында жұптық сында бақ сынамайтын болды Сурет: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиада ойындарында жұптық сында бақ сынамайтынын айтты. Қазақстан құрамасының тәжірибелі теннисшісі оның себебін командаласының жағдайына байланысты екенін жеткізді. 

"Өкінішке қарай, жұптық сында бақ сынамайтын болдық. Мен тек жеке сында жарыс жолына шығамын. Менің жұбым Елена Рыбакина бар күшін жеке сында жұмсағысы келеді. Жүлдеден үмітті.

Басқа қыздармен жұптық сында өнер көрсетеміз деп ойлағанбыз. Бірақ екеуі де жұптық сынға дайын емес, оған қоса, жарақаттары бар. Көп матчке шығатындықтан, жеке сынға басымдық бергісі келеді. 

Бірақ микске қатысуға өтініш беріп көреміз. Егер бәрі жақсы болса, Александр Бубликпен бірге ойнаймын", - дейді теннисші. 

Жарнама

Живи спортом!