Виталий Худяков Олимпиада жолдамасын алды

сурет: olympic

Қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ашық суда жүзуден Токио Олимпиадасының жолдамасын алды. Оған қосымша квота бөлініп, Токио Олимпиадасында сынға түсетін 97-ші қазақстандық спортшы атанып отыр деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Худяков ашық суда жүзуден 2019 жылғы Азия чемпионы. Алғашында құрлық чемпионатының алтын жүлдегері үшін Олимпиадаға жолдама берілетіні айтылған. Алайда, ойын басталғанға дейін Виталий лицензия алған жоқ. 

Осы орайда, Қазақстан ҰОК ашық суда жүзуден команда өкілі өз еңбегінің нәтижесіне сай Токио ойындарын қатысу құқығын алғанын хабарлайды. 

Спортшылардың құқығын қорғау, оның ішінде Олимпиада қатысу құқығын реттеу Ұлттық олимпиадалық комитеттің басты міндеттерінің бірі. 

Виталий Худяков команданың екінші бөлігімен бірге 28 шілде күні Токиоға ұшып келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар