Василий Левиттің салмағында Олимпиада чемпионы анықталды

Сурет: Reuters©

Кубалық боксшы Сесар Ла Крус 91 келі салмақта Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Финалда ол ресейлік Муслим Гаджимагомедовті 5:0 есебімен жеңді. 

Осылайша Ла Крус Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. 2016 жылы ол Риода өткен төрт жылдың басты додасында 81 келіде топ жарды. Ол кезде финалда кубалық Әділбек Ниязымбетовтен үстем түскен еді. 

Айта кетейік, биыл 91 кило салмақта Токиода Қазақстан намысын Василий Левит қорғады. Бірақ ол 1/8 финалда испаниялық Эммануэль Ресейстен нокаутпен жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар