"Толық дайындықсыз келдім". Қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасы жайлы

©Эмануэле ди Феличиантонио / Халықаралық дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Данияр Шамшаев жеңіліске не себеп болғанын айтты, деп жазады Olympic.kz. 

«Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын», деді Шамшаев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар