Токиодағы Олимпиада ойындарында соңғы жүлде сарапқа салынды

Сурет: Reuters©

Токиодағы Олимпиада ойындарында барлық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Соңғы жүлдені су добынан Сербия мен Грекия ерлер құрамасы сарапқа салды. 

Бұл ойын 13:10 есебімен сербиялықтардың пайдасына аяқталды. Ал Грекия екінші орын алса, Венгрия құрамасы үшінші орынға жайғасты. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында сегіз қола жүлде жеңді. Бұл Олимпиада ойындарындағы біздің ең төмен нәтиже. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар