Қазақстандық жеңілатлет Ольга Сафронова Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
200 метрге жүгіруде ол 23.64 уақытымен алтыншы болды. Бұл сында бірінші үш орынды иеленген спортшылар ғана келесі кезеңге өтеді.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан құрамасындағы ең жүлделі спортшы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде финалға шыға алмай, бірінші рет марапатсыз қалған еді. Соған қоса, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да финалға жете алмады.