Токиода Олимпиадасында "күміс" алған спортшы допинг қолданғаны анықталды

Сурет: AFP

Токиода Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 27 жастағы британиялық жеңілатлет Чиджинду Уджа қанынан тыйым салынған остарин және S-23 заттектері анықталған, деп хабарлайды Lenta.ru

Ол допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен ойыннан шеттетіліп, оған қарсы тәртіптік іс қозғалып отыр.

Мұны жеңіл атлетикадағы жағымсыз жайттармен күрес бойынша тәуелсіз орган жария еткен.
Сондай-ақ, бахрейндік жеңілатлет Альсадик Мику, кениялық Марк Одиамбо және грузиялық Беник Абрамян допинг қолданғаны анықталған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар