Токио Олимпиадасы жүлдегерлеріне жаңа көліктер беріледі

Сурет: Inform.kz

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға Toyota Camry көліктерін сыйлайды, ал спортшылардың жеке бапкерлері және құраманың бас жаттықтырушысына ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды ҚР ААФ.  

Көлік кілттерін спортшыларға ААФ президенті Жанат Түсіпбекова Нұр-Сұлтанда табыс етеді. 

Токио Олимпиадасында Игорь Сон 61 келіде, ал Зүлфия Чиншанло 55 келіде қола жүлде жеңіп алған болатын.

Спортшылар Қазақстанға екі күн бұрын келді, әуежайда оларды салтанатпен қарсы алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар