Токио Олимпиадасы ашылу салтанатына тікелей трансляция

Сурет: olympics.com

Бүгін, 23 шілдеде Токиодағы Ұлттық стадионда 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Салтанатты шара Қазақстан астанасының уақытымен 17:00-де басталады, жарты сағаттан кейін олимпиадалық ұлттық комитеттер делегациясының шеруі болады. Аренаға бірінші болып Грекия құрамасы, ал соңғы Жапония командасы шығады. 

Жалпы ашылу салтанатына әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады. Қазақстан туын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңілатлет Ольга Рыпакова ұстап шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар