Тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындарын қорытындылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио Олимпиадасынан сабақ алу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио Олимпиадасынан сабақ алу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.
"Ұлттық құрамның Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет", - деді Президент.
Алайда, оның айтуынша, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.
"Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі.
Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек", - деді ол.
Жарнама