Теннисші Александр Бублик Олимпиада ойындарының бірінші айналымында сүрінді

Сурет: olympic.kz

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Олимпиада ойындарының бірінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Олимпиада ойындарының бірінші айналымында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі ресейлік Даниил Медведевпен кездесіп, 6:4, 7:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 1 сағат 41 минутқа жалғасты. 

Енді қазақстандық теннисші бүгін Андрей Голубовпен жұптық сында өнер көрсетеді. Қарсылас та белгілі. Олар франциялық Жереми Шарди және Гаэль Монфис. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар