Ерлер арасында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Олимпиада ойындарының бірінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Олимпиада ойындарының бірінші айналымында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі ресейлік Даниил Медведевпен кездесіп, 6:4, 7:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 1 сағат 41 минутқа жалғасты.
Енді қазақстандық теннисші бүгін Андрей Голубовпен жұптық сында өнер көрсетеді. Қарсылас та белгілі. Олар франциялық Жереми Шарди және Гаэль Монфис.