Теміржанов кәсіпқойға ауыса ма? Боксшы болашағы мен Олимпиададағы сәтсіздігі туралы айтты

©Reuters©

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов кәсіпқой боксқа ауыспайды. Бұл туралы спортшының өзі Vesti.kz порталының тілшісіне айтып берді. 

Сонымен қатар, ол Олимпиада ойындарындағы кездесулері туралы ой бөлісті. 

"Бұл Олимпиада біз ойлағандай өткен жоқ. Біз қолымыздан келгенше тырыстық. Бірақ қателіктер болды. Енді осы қателіктермен жұмыс істейміз. 

Бірінші қарсыласым венгриялық боксшы болды. Біз оның кездесуін қарап, зерттедік. Жекпе-жек сәтті өтті. Екінші қарсылас америкалық боксшы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, басқа да турнирлерде жүлдеге ілігіп жүрген тәжірибелі боксшы. Оған қарсы да тактикалық тұрғыдан дайындалдық. Алайда ол менен айласын асырып, жеңіп кетті. Менің кінәм. Бұл қателікпен де жұмыс істейміз. 

Кәсіпқой боксқа ауысатын ой жоқ. Әзірше әуесқой бокста қаламын. Алла жазса, жеңістер де болады", - деді Теміржанов. 

Еске салайық, Серім Теміржанов Олимпиада ойындарында 57 келі салмақта сынға түсіп 1/8 финалда америкалық Дюк Рэганнан жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар