Тататми қожайынын жықты! Елдос Сметов Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

©Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында белдесті. 

60 келідегі шешуші белдесуде Елдос татами қожайыны Лука Мхеидземен алтынды сарапқа салды. Бұл кездесуде Сметов вазари әдісімен жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. 

Еске салайық, Елдос Париж Олимпиадасының 1/16 финалынан бастап, нидерландылық Торнике Чакадуаны жықты. 1/8 кезеңінде Сметов украиналық Дильшот Халматовтан басым түсті. Ал ширек финалда әлемдік рейтинг көшбасшысы тайвандық Ян Юнвэйді жеңді. 

Жартылай финалда қазақстандық балуан 2023 жылғы әлем чемпионы және Еуропаның үш дүркін чемпионы испаниялық Франсиско Горригосты жыққан еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар