Азиада
26 шілде 2021 12:19
 

Тағы сылтау? Қазақстанық арналар тағы бір дзюдошымыздың Олимпиадада белдесуін көрсетпеді

  Пікірлер

blog.share

Тағы сылтау? Қазақстанық арналар тағы бір дзюдошымыздың Олимпиадада белдесуін көрсетпеді Сурет: ҚР ҰОК, Сали Сабиров

Бүгін, 26 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы 73 келіге дейінгі дзюдодан жарыс өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 26 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы 73 келіге дейінгі дзюдодан жарыс өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл салмақта қазақстандық Жансай Смағұлов бірінші белдесуде армениялық Фердинанд Карапетянды жығып, 1/8 финалға өтті. Алайда бұл кезеңде Жансай канадалық Артур Маркелидоннан жеңілді.

Ал қазақстандық арналар бұл белдесулерді тағы көрсетпеді. Еске салайық, мұның алдында еліміздегі ешбір арна Елдос Сметовтың қола жеңіп алып, Қазақстан қоржынына бірінші жүлде салған белдесулерін көрсетпеген еді. 

Нақты айтқанда "Хабар" әйелдер арасындағы дзюдодан жарысты трансляциялаған. "Комментаторлар бұл жағдай каналға байланысты еместігін айтып, тікелей эфирде кешірім сұрады, міне төртінші күн осындай сылтау естіп отырмыз", - деп жазады "Спорт-Шредингера" телеграм-арнасы. 

Ал "Нурсултанский соловей" телеграм-арнасының мәліметінше, қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрама спортшыларының Олимпиададағы жарыс жолының көп бөлігін тамашалай алмайды.  

"Қазақстанның ұлттық арналары Токиодағы Олимпиада ойындарының көп бөлігін көрсете алмайтыны белгілі болды, Qazaqstan, Qazsport және "Хабар" арналары шамамен 7,5 миллион доллар төленген трансляцияға құқықты тым кеш алғандықтан, ұлттық құраманың бірқатар спортшыларының жарысын тамашалау мүмкін болмайды", - деп жазады мәлімет көзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!