Су полосынан Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарында Испаниядан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
В тобындағы кездесу 16:4 (3:0, 6:0, 11:2, 16:4) есебімен Испания пайдасына аяқталды.
Қазақстан топтық кезеңде Хорватия (7:23) мен Сербиядан (5:19) ұтылған.
Қазақстандық ватерполшылардың келесі матчі 31 шілде Черногорияға қарсы өтеді.