Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиаданың бірінші ойынында ойсырай ұтылды

Сурет: Сали Сабиров©

Су добынан Қазақстан құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының бірінші матчінде ойсырай жеңілді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Олимпиаданың бірінші ойынында Қазақстан құрамасы Хорватиямен кездесіп, 7:23 есебімен ұтылды. Қазақстан құрамасы сапында үш голды Срджан Вуксанович салса, Алексей Шмидер, Душан Маркович, Мұрат Шәкенов және Рустам Укумановтар бір-бір голдан соқты. 

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 27 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар