"Спортшыларымыз ел абыройын әлемдік аренада асқақтата берсін!". Қамшыбек Қоңқабаев Құрмет орденімен марапатталды

©сурет: reuters

Елордада ҚР Президентінің жарлығымен Токио Олимпиадасының жүлдегерлері мемлекеттік наградаға ие болды. Осы орайда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев награда алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ассалаумағалейкум қазақ елі!

Елордамыз Нұр-сұлтан қаласында Токио олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі аталып өтті. Президентіміздің жарлығымен айтулы шарада “Құрмет” орденімен марапатталдық. Бұндай құрметтің иегері болу мен үшін үлкен мәртебе және абырой. Қазақ елінің игілігі үшін еңбек ету әрбір ҚР азаматының міндеті деп білемін. Отандық спортшыларымыз ел абыройын әлемдік аренада асқақтата берсін!", - дейді Қамшыбек Қоңқабаев.

Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта XXXII Жазғы ойындардың қола медалін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар