Сенсация. Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Токиодағы жарыстан шығып қалды

Сурет: Repost.uz

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Шахобиддин Зоиров Токио ойындарында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келідегі 1/4 финалда Зоиров Филиппин өкілінен жеңілді. Өзбек боксшының қабағы жарылып кетіп, төреші жекпе-жекті тоқтатқаннан кейін Карло Паалам 4:0 есебімен техникалық шешіммен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осы салмақта қазақстандық Сәкен Бибосынов өнер көрсетеді. Бүгін, 3 тамызда қазақстандық боксшы ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобарамен жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар