auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы пікір білдірді

Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы пікір білдірді
Сурет: olympic.kz. Сали Сабиров©

Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.  

Журналистер алдына шыққан Сәкен көпке дейін өз-өзіне келе алмай, көз жасына ерік берді. Тек бапкері Мырзағали Айтжанов пен БАҚ өкілдерінің қолдауынан соң Бибосынов бүгінгі жекпе-жек жайлы пікірін бөлісті. 

"Токио Олимпиадасына алтын аламын деп келгем. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ бақ шаппады.

Барша жанкүйерден, барша халықтан жеңілгенім үшін кешірім сұраймын. Бірінші раундты қарсыласқа беріп қойдым, қалған екі раундта аянып қалмадым.

Бапкерлерім бірінші кезеңнен соң 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті, Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан, бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен.

Жүлдемді барша қазақстандыққа арнаймын. Осы Олимпиадаға келген соң туған ағам қызды болды. Жеңгем босанды. Айлин деген кішкентай қарындасыма да осы медалімді арнаймын", - дейді Бибосынов. 

Айта кетелік, жартылай финалда Сәкен Бибосынов 2:3 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаиге есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама