Азиада
31 шілде 16:44
 

Париж Олимпиадасында бір жарыста екі рекорд тіркелді

  Пікірлер

blog.share

Париж Олимпиадасында бір жарыста екі рекорд тіркелді ©INPHO

Ирландиялық жүзуші Дэниэл Виффен Париж Олимпиадасында рекорд жасап, алтын жүлдені жеңіп алды. 

blog.share

Ирландиялық жүзуші Дэниэл Виффен Париж Олимпиадасында рекорд жасап, алтын жүлдені жеңіп алды. 

Виффен 800 метрге еркін жүзуде бірінші болды. Ол бұл қашықтықты 7.38,19 секундта жүзіп өтіп, алдыңғы Олимпиаданың рекордын жаңартты. 

Күміс жүлде америкалық Бобби Финкеге, ал қола иатлиялық Грегорио Пальтриньериге бұйырды.

Бұған дейінгі рекорд Токиода тіркеліп, украиналық Михаил Романчукке тиесілі болатын (7.41,28).

Тағы бір рекорд әйелдер арасындағы жарыста тіркелді. 10 метрге жүзуде 23 жастағы аустралиялық Кейли Маккеоун 57,33 секунд уақытымен бірінші болды. 

Екінші орында (осыған дейінгі рекордсмен) америкалық Реган Смит (57,66), ал үшінші тағы бір америкалық Кэтрин Беркофф болды.

Бұл Маккеоунның карьерасында Олимпиаданың төртінші алтыны. Бұған дейінгі үш алтынды ол Токиода алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!