Азиада
3 тамыз 2021 20:12

Өзбекстан Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдесін алды

Сурет: Reuters©

Өзбекстандық ауыратлет Акбар Джураев Токиодағы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ол 109 келі салмақта топ жарды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша Джураев 430 (193 + 237) келі көтерді. Ал екінші орынды армениялық Симон Мартиросян 423 (195 + 228) алса, үшінші сатыға латвиялық Артурс Плесниекс 10 (180+230) жайғасты. 

Айта кетейік, бұл Өзбекстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін таеквондодан Улугбек Рашитов алтын алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport