Өзбекстан құрамасынан қалып келеміз. Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 2 қола бар

сурет: aa

Бүгін Олимпиада астанасы Токиода жарыстың екінші күні мәресіне жетті. Бұл ретте қазақстандық спортшылардың қоржынға бір қола медаль салғанын айта кеткен жөн. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен зілтемірші Игорь Сон төртжылдықтың қола медалімен марапатталды. Осылайша қазақ құрамасында 2 қола жүлде бар.

Қазіргі уақытта жалпыкомандалық есепте біздің команда Германия, Түркия және Украина құрамаларымен бірге 31-орынды бөлісіп тұр. Әзірге 6 алтын, 1 күміс және 4 қоласы бар Қытай турнир кестесінің көш басында келеді. Екі күн ішінде 5 алтын алған жарыс қожайындары болса екінші орында. Ал 4 алтын алған АҚШ құрамасы үздік үштікті қорытындылап тұр.

Салыстырмалы түрде көрші Өзбекстан командасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 11-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар