Азиада
17 шілде 10:07

Өмір бойғы төлем. Спорт министрі Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақы көлемін айтты

©

Қазақстанның спорт және туризм минстрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы туралы айтып берді. 

"Сыйақы мөлшері өзгермеді. Чемпион 250 мың доллар алады, күміс үшін 150 және қола жүлдеге 50 мың доллар. Төрттен алтыншы орынға дейін 30, 10 және 5 мың доллар қарастырылған. Сонымен бірге, чемпион мен жүлдегерді дайындаған бірінші, жеке және бас бапкерге де сыйақы қарастырылған. 

Командалық спорттағы ақшалай сыйақы әрбір спортшыға толық көлемде іске асады. Рекорд орнатқан жағдайда тағы 5000 доллар қарастырылған, ал бапкеріне 3 мың доллар төленеді.  

Бұдан бөлек жергілікті атқару органдары чемпиондар мен жүлдегерлерге коммуналдық тұрғын үй қорынан қайтарымсыз түрде баспана береді. Оған қоса, мемелекет чемпион мен жүлдегерлерді өмір бойына ай сайынғы төлеммен қамтамассыз етеді", - дейді Маржықпаев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport