Олимпиадаға қатысуы дауға айналған боксшыны ту ұстау құқынан айырды
© Instagram/imane_khelif_10
Олимпиадаға қатысуы дау болып кеткен боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Алжирдің туын ұстау құқынан айырды.
Олимпиадаға қатысуы дау болып кеткен боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Алжирдің туын ұстау құқынан айырды.
Жабылу салтанаты алдында оның орнына гимнастшы Кайлия Немурды қойды. Бастапқыда Алжирдің туын Хелиф пен жеңіл атлет Джамель Седжати ұстап шығатыны айтылған еді.
Еске салайық, Хелиф 66 келі салмақта Олимпиада алтынын алды.
Жарнама