Олимпиадаға қатысушылар арасында ең көп табыс табатын спортшылар анықталды

Сурет: sportbox.ru

Токиодағы Олимпиада ойындарында ең көп табыс табатын спортшылар белгілі болды. Бұл тізімді Forbes жариялады. 

Олимпиадаға қатысатын спортшылардың арасындағы ең көп табыс алатындардың көшін баскетболдан АҚШ құрамасының шабуылшысы Кевин Дюрант бастап тұр. Оның табысы - 75 миллион доллар. Екінші сатыда жылына 60 миллион доллар табатын теннисші Наоми Оска жайғасқан. Ал үздік үштікті АҚШ құрамасының тағы бір баскетболшысы Дамин Лиллард түйіндеген. Оның табысы - 40,5 миллион доллар. 

Сонымен қатар, тізімге сербиялық теннисші Новак Джокович (34,5 миллион), гольф спортының жарық жұлдызы британиялық Рори Макилрой (32 миллион), америкалық баскетболшы Девин Букер мен Кэй Нисикрои (екеуі де 30,5 миллионнан) және баскетболшылар Крис Миддлтон (27 миллион) және Джру Холидей (23 миллион) кірген. 

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген болатын. Жарыстар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. 

 

Метки:
Жаңалықтар