auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Олимпиадаға алтын аламын деп келдім". Елдос Сметов қола жүлдесі туралы

"Олимпиадаға алтын аламын деп келдім". Елдос Сметов қола жүлдесі туралы
Сурет: Жеңіс Ысқабай

Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Елдос Сметов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, екінші Олимпиададағы екінші медаліне қатысты ойын бөлісті. Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, ол Токио төрінен абыроймен оралу үшін бар күшін салған. 

"Шыны керек, мен қола емес, алтын аламын деп келдім. Рио Олимпиадасынан кейін татамиден алыстап кетпей, үлкен спортта қалуымның да бір себебі осы еді. Күмістен кейін алтын алғым келді. Еліміздің әнұранын шарықтатып, көк байрағымызды биіктен көруді армандадым. Сол үшін тынбай еңбек еттім де. Бірақ маған бұйырып тұрғаны қола жүлде екен.

Мен барымды салдым. Спортқа арнаған осынша жылдағы бар өнерімді, бар күшімді бүгін Токио татамиіне тастап шықтым. Бойымда күреске деген қандай қасиет болса, соның бірін де аяп қалмадым. Жартылай финалдағы жекпе-жекті көрдіңіздер. Өте тартысты өтті. Қайта-қайта шабуылға иек артып, қарсыласымды тұқыртуға тырыстым. Алайда, жеңіс бүгін менің жағымда емес екен. 

Иа, жапон балуаны Наохиса Такато менімен кездесуге финалдық белдесуге шыққандай дайындықпен келді. Оның финалға және оған дейінгі жекпе-жектерге қалай дайындалғанын көрдім. Жартылай финалға ерекше әсермен беттеді. Екеуміз талай мәрте кездесіп жүрміз. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Бүгінгі белдесудің тым ұзаққа созылған себебі де осы.

2020 жылдың басында біз нағыз бабымызда болдық. Алайда, әлемдегі пандемия салқынын тигізді. Сегіз-тоғыз ай бойы бірде-бір жарысқа қатысқан жоқпыз. Десе де, бұл күндердің бәрі артта қалды, қиындықтың бәрін жеңіп шықтық. Соған қуанамын. 

Ал келесі Олимпиада туралы не айтуға болады? Париж Олимпиадасына бару-бармауым жайлы кесіп айта алмаймын. Өте ауыр сұрақ. Маған әлі тынығып, денсаулығымды дұрыстау керек. Сіздерге көрінбегенмен, менің ғана жаныма бататын жарақаттар бар. Соларды емдеу керек. Жоғарыда айттым, менің арманым – Олимпиада алтынын алу. Міне, екінші Олимпиадада алтынға сынық сүйем жерден тоқтап отырмын. Мен алмасам да, менің бауырларым, қазақ дзюдошылары Олимпиада чемпионы атанса, содан артық бақыт жоқ!
Жарыс мұнымен біткен жоқ. Әлі еліміздің намысын қорғайтын төрт балуанымыз бар. Соларға сәттілік, жеңіс тілеймін", - деді Сметов. 

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Нидерланд балуанынан басым түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама