Азиада
10 тамыз 2021 15:56

Олимпиададан кейін кәсіпқойға ауысатынын мәлімдеген Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

Сурет: © REUTERS / LUIS ROBAYO

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев елге оралысымен алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Қамшыбек, елге қош келдіңіз. Олимпиада ойындарын қорытындыласаңыз...

- Аса ауыр салмақта Олимпиада чемпоны боламын деген үмітпен барып едім. Тек мен емес, командадағы барлық жігіттер чемпион боламыз деп бардық. Өкінішке қарай, біреудің бағы, біреудің бабы шаппады. Маңдайымызға бұйырған екі жүлдені алып қайттық. Жазғы ойындарға бірінші рет қатысып отырмын. Жалпы өзге жарыстарға қарағанда ерекше екен. Азия мен әлем чемпионаттарынан бөлек турнир екен. Әрбір жекпе-жекке жоғары дайындықпен шығуың керексің. Осыған дейін рингте талай рет жеңіп жүрген қарсыласың Олимпиадада түрленіп шығады екен. Толыққанды жоспарды орындай алмадым. Алайда бар күшімді салдым.

 

- Токиода еліміздің көк байрағын ұстап шықтыңыз. Үлкен жауапкершілікті арқалап барған Олимпиадаңызға көңіліңіз тола ма?

- Прзидентімізден туды қабылдағаннан кейін, Ермахан Ибраимов ағамыз сияқты туды абыроймен алып келгім келіп еді. Ол мақсатым орындалмады. Өздеңіріз байқағандай Токиода алтындай жігіттеріміз жарыс жолынан шығып жатты. Оларды көрген соң бізге де оңай тимеді. Мұндай турнирге ешкім ұтылам деп бармайды. Орайы келгенде қиын-қыстау сәтте бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айқым келеді.

- Олимпиада ойындары аяқталған соң кәсіпқой боксқа ауысам деген едіңіз. Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Құдай денсаулық берсе, кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерімді жалғастырам. Дегенмен биыл әуесқойлар арасында әлем чемпионаты бар. Токиода жолым болмағанымен, әлем чемпионатына қатысып қалуым мүмкін. Сол жарыста жеңіске жетіп қалармын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport