Азиада
17 тамыз 2021 17:15
 

Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін Абылайхан Жүсіпов "қазақ салмағынан" ауысатынын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін Абылайхан Жүсіпов "қазақ салмағынан" ауысатынын мәлімдеді Сурет: olympic.kz. Владислав Семёнов©

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов жуырда басқа салмаққа ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Бұл жайында Абай бокс мектебінің түлегі тілшімізге берген сұхбатында айтып берді.

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов жуырда басқа салмаққа ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Бұл жайында Абай бокс мектебінің түлегі тілшімізге берген сұхбатында айтып берді.

- Абылайхан, боксшыларымыз Олимпиада ойындарының тарихындағы ең төмен нәтиже көрсеткенін білеміз. Соған қарамастан, отандық жанкүйерлер былғары қолғап шеберлеріне қолдау білдіруде.

- Ең алдымен қазақ еліне барша команданың атынан алғыс айтқым келеді. Себебі, елге келгенде жерлестеріміз жақсы күтіп алып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Жығылғанға жұдырық болмай мүмкіндігінше қолдау көрсетуде. Осы тұрғыда халқыма рақмет айтамын. Төмен нәтиже көрсетуімізге орай, командамыздың атынан кешірім сұраймыз. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді демей ме? Еңсемізді түсіріп жатқан жоқпыз. Қазіргі сәтте елдеміз. Отбасымыздың жанындамыз. Бұйырса жуырда жаттығуды бастаймыз.

- Алдағы уақытта салмақ ауыстыру жоспарда бар ма?

- Қазіргі сәтте бұрынғыдай 8 салмақ емес, 13 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады. 69 келінің орнына 67 және 71 келі салмақ болады. Бапкерлермен ақылдаса отыра қай салмақта өзімді жайлы сезінемін, сол салмаққа ауысамын.

- Париж Олимпиадасында 69 келі салмақ болмай ма?

- Ол жағы белгісіз. Олимпиада ойындарында қанша салмақ болатыны жайлы Жазғы ойындар басталар кезде білерміз. Қазір АИБА жаңа жаңалықтар енгізіп жатыр. Кезінде 13 салмақ болған. Биыл Сербия астанасы Белградта 13 салмақ бойынша әлем чемпионаты өтеді деп жатыр. Бұйырса жаңа салмаққа бейімделетін боламыз.

Еске салайық, Абылайхан Жүсіпов 69 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшылардың бірі. Спорттық карьерасында ол 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған. Сонымен қатар, Азия чемпионатының екі дүркін күміс және әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!