Олимпиада ойындарында балуандарымыздың қарластары анықталды

Сурет: ҰОК

Токиода күрес түрлері бойынша бәсекелер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

5 тамыз күні Токио бозкілемінде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінде, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. 

74 келіде ел намысын Данияр Қайсанов қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы жапониялық Кейсуке Отогуро болмақ.

Ал 125 келіде Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуін германиялық  Геннадий Гудиновичке қарсы өткізеді.

Әйелдер арасында 53 келіде Қазақстан сапынан Татьяна Ахметова-Аманжол кілемге шығады. Ол 1/8 финалда Роксана Засинамен (Польша) кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар