Бүгін, 5 тамызда еркін стильде күресетін қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде белдесетін Нұрисламның осы ойындардағы соңғы қарсыласы болгариялық Георги Вангелов.
Бұл кездесуді "Хабар" трансляциялайды. Басталуы 16:30-да. Сілтеме мына жерде қолжетімді.
Еске салайық, ширек финалда қазақстандық балуан 2017 жылғы Азия чемпионы жапониялық Юки Такахасиді жықты.
Ал жартылай финалда Санаев үндістандық Рави Кумарға - 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2020 жылғы Азия чемпионына есе жіберді.