Олимпиада жүлдегерлері Чиншанло мен Сон Toyota Camry көлігін сыйға алды

Сурет: ҚТФ

Токиода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сонға Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Toyota Camry автөкөлігін сыйлады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Екі спортшы да мемлекет тарапынан алған сыйақыларын қайырымдылыққа берген. Айта кетейік, Олимпиада ойындарындағы қола жүлдесі үшін бұл спортшылар 75 мың доллардан алған еді. 

Бұған дейін боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, балуан Нұрислам Санаевтар да сыйақыларын қайырымдылық қорына берген еді. 

Еске салайық, Сон Олимпиада ойындарында 61 келіге дейінгі салмақта, ал Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар