Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке тағы бір көлік сыйланды

Сурет: gov.kz©

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартты. Ал бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар