Нұрсұлтан Тұрсыновтың Олимпиададағы бірінші қарсыласы анықталды

Сурет: Olympic.kz, Сали Сабиров©

Токио Олимпиадасында 87 келіге дейінгі салмақта грек-рим стиліндегі балуындардың жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл салмақта Қазақстан атынан Нұрсұлтан Тұрсынов белдеседі. Оның бірінші қарсыласы - германиялық Денис Кудла. Белдесу 3 тамызға белгіленді. 

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық үш балуан жарыс жолынан шығып қалды - Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадраев және Эльмира Сыздықова.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар